«Қазақ титаны» АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті (ВИДЕО)

Редактор
14.09.2024, 11:54

Аталған лигада жалаң жұдырықпен төбелеседі

instagram.com/bareknucklefc

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Алмат Жұманов АҚШ-тағы Bare Knuckle FC (BKFC) лигасындағы өзінің дебюттік кездесуін өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті.

«Қазақ титаны» лақап атымен танымал файтер америкалық Рэйн Уэллспен рингке шыққан болатын. Жекпе-жек небәрі бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Жұманов BKFC лигасымен 2022 жылы келісімшарт жасасып, 2023 жылдың қарашасында алғашқы жекпе-жегін өткізуі тиіс болған. Алайда, спарринг кезінде ауыр жарақат алып, оның жоспарлы кездесуі кейінге қалды.

Айта кетейік, BKFC лигасына келер алдында Жұманов поп MMA-да өнер көрсетіп жүрген.