Жалғас Жұмағұловтың Еуропаға жорығы қараша айында басталады

Редактор
20.09.2024, 10:00

Соңғы жекпе-жегін Жалғас биыл ақпан айында Алматыда өткізіп, америкалфқ файтерді жеңген болатын

instagram.com/zhumagulov_zhalgas/

Аралас жекпе-жектен қазақстандық шебер Жалғас Жұмағұлов (16-9) енді Еуропада өнер көрсетеді. Жуырда ғана ол чехиялық Oktagon лигасымен келісімшартқа отырған болатын.

Жалғастың айтуынша, оның Еуропадағы дебюті 9 қарашада Словакияда өтеді.

«Қарсыласым белгілі, 9 қарашада Словакияда жекпе-жекке шығамын, қазір жаттығып жатырмын», - деді Жұмағұлов өзінің Instagram- парақшасында.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық файтерлердің бірі. Лигадағы жорығын сәтті бастағанымен ол соңғы жекпе-жектерінің бәрінде жеңіліп, салдарынан UFC онымен келісімшартты созған жоқ.

Мұнан кейін қазақ файтері Naiza промоушнда екі жекпе-жек өткізіп үлгерді.