Ол осыған дейін мүлдем жеңіліп көрмеген
Алматыда өткен аралас жекпе-жектен Naiza 67 турнирінде қазақстандық Шыңғыс Камал (3-0) өзбек файтері Олим Тиллаевпен (2-3) октагонға шығып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек 3 раундқа жоспарланған болатын. Алайда, қазақ спортшысы бірінші раундта-ақ мықтылық танытып, мәселені уақытынан бұрын шешіп тастады.
Шыңғыс қарсыласын алдымен партерге жатқызып, артынша соққылар сериясын жаудырды. Төреші дереу төбелесті тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді.
Осылайша Шыңғыс Камал MMA-дағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ол мүлдем жеңілмеген. Ал, өзбекстандық Олим Тиллаев болса төртінші рет жеңілді.