Октагонға қазақтың тымағымен шығып жүрген танымал файтер жеңіліп қалды

Редактор
29.09.2024, 09:05

Тымақты оған Шавкат Рахмонов сыйлаған

Getty Images

Октагонға және салмақ өлшеу рәсімдеріне қазақтың тымағын киіп шығумен танылған америкалық файтер Брендан Аллен (24-6) Парижде өткен UFC Fight Night 243 турнирінде жеңіліп қалды.

Орта салмақта боллған жекпе-жекте Аллен Франция атынан шығып жүрген дағыстандық Нассурдин Имавовпен (15-4) төбелескен. Төрешілер жеңісті Имавовқа берді. Бұл оның аралас жекпе-жектегі 15-ші жеңісі. Брендан Аллен болса соңғы жеті кездесуінде ұтылмай келген болатын. Бүгін жеңістер сериясы үзілді.

Айта кету керек, Алленнің тымақпен шығуы бекер емес, ол – Шавкат Рахмоновтың жақын достарының бірі. Қазақтың ұлттық бас киімін де оған Шавкат сыйға берген. Сол уақыттан бері Брендан әр жекпе-жекке осы тымақпен келеді.