«Әлі ерте». Шавкат Рахмонов UFC турнирін Қазақстанда өткізу туралы

Редактор
15.10.2024, 14:09

UFC турниріне өте қомақты қаражат керек екенін атап өтті

instagram.com/shavkatrakhmonov94

Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC турнирін өткізу туралы сұраққа жауап берді. Аралас жекпе-жек шеберінің сөзінше, трансляцияның өзін көрсете алмай жүргенде, жекпе-жектер өткізу тіпті қиын. Бұл туралы «Вестник ММА-ге» берген сұхбатында айтты.

«Бізде ММА, UFC-ді жақсы көретіндер көп. Қазақстанда жекпе-жек өткізгенін бәрі қалайды. Меніңше, Қазақстанда мұндай турнир өткізуге әлі ерте. Олар тым құрыса трансляцияны сатып алсыншы. Менің жекпе-жектерімді көрсеткені есімде жоқ. Трансляцияны сатып ала алмай жатқанда, турнир өткізу туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ.

UFC турнирі өте қомақты қаражатты талап етеді. Бұл қаражатты шын мұқтаждарға жаратқан дұрыс деп ойлаймын. Бұл менің пікірім. Спорт деген жақсы ғой, бірақ тым көп ақша кетеді. Трансляцияны алса да, біздің жанкүйерлер қуанып қалушы еді», - деді Шавкат.