Маңызды айқас 17 желтоқсанға жоспарланған
UFC лигасында өнер көрсететін танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өтетін айқасқа жол тартты. 17 желтоқсанда ол америкалық Стивен Томпсонмен төбелесетін болады.
Dar Pro Team командасы Instagram-дағы парақшасында Шавкат Рахмонов туралы ақпаратты жариялады.
«Лас-Вегасқа аттанып барамыз. Dar Pro Team командасының спортшысы Шавкат Рахмонов оқу-жатты жиындарын аяқтап, UFC 296 турниріне қатысу үшін Лас-Вегасқа жол тартты. Қазақ батыры Шавкатқа жеңіс тілейік», – деп жазылған аталған мәліметте.
Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын UFC 296 YouTube-каналында Шавкат Рахмонов туралы жарнама жарық көрген еді. Жекпе-жекке алдын шолу барысында оның мүмкіндігі туралы айтылып, аз-кем сұхбаттан үзінді берілген. Ал отандасымыз UFC-ге деген өзінің қызығушылығы, алғаш рет ынта білдірген сәтімен бөліскен.