Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Алматыдағы MMA турнирінде адам өлімі орын ала жаздады (ВИДЕО)

Редактор
03.11.2024, 17:42

Көрермендер мен жанкүйерлер бұған рефериді айыптауда

Vesti.kz

Астанада аралас жекпе-жектен өткен Dala Fighting Championship турнирінде қайғылы оқиға орын ала жаздады. Қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков (14-8) үндістандық қарсыласына қылқындыру әдісін жасаған кезде, рефери оның талып қалғанын байқамаған.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Жұмабеков Үндістаннан келген файтер Абилхаш Раутты (2-4) алдымен жерге атып ұрып, артынша оған қылқындыру әдісіне жасады. Оның талып қалғанын төреші байқамағанымен, Жұманның өзі байқап, әдісті дереу тоқтатты. Мұнан кейін де үнді спортшысы біраз уақыт есін жия алмай жатты.

Реферидің мұндай салғырттығына жанкүйерлердің көбі наразылығын білдіріп пікір жазды. Олардың қатарында елге танымал файтер Артем Резников те бар.

«Жұманның кәсіпқой спортшы екені жақсы болды, ол қарсыласының талып қалғанын сезіп, әдіс жасауды өзі тоқтатты. Егер дәл солай қылқындыруын жалғастыра берсе астында жатқан адам өліп кетуі мүмкін еді», - деді Резников.

Ал осы турнирдің басты жекпе-жегі қазақстандық танымал файтер Васлий Тахтай (10-0) мен америкалық ардагер Уилл Чоуп (42-23) арасында өткен болатын. Отандасымыз небәрі 40 секундта қарсыласын жерге құлатып, партерде ұрып тастады және осы турнирдің жеңімпазы атанды.

Жарнама
Жарнама