Қуат Хамитов Тайландқа барған қазақ жігіттеріне трансвистит сыйлайтынын айтты

Редактор
13.12.2023, 15:33

Ол шынайы қыз бен трансвиститті қалай ажыратуға болатынын да үйретті

Instagram

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов Тайланд өзінің екінші үйіндей болып кеткенін мәлімдеді. Sport 24 тілшісіне сұхбат берген спортшы осы елдегі өмірі мен жекпе-жектерге дайындығы туралы айтып берді.

«Мен Тайландқа 2013 жылдан бері келіп тұрам. Осында әйгілі Петр Янмен таныстым. 10 жылда көп нәрсе өтті басымнан. Қазір өзімді тәжірибелі адаммын деп айта аламын. Тіпті, кейде әзілдеймін: егер сіз бірінші рет трансвиститке түсіп қалсаңыз, ол есептелмейді деп. Жерлестеріме де айтамын: егер сіз мен Тайландта кезімде осында келсеңіз, онда сізге бауыр ретінде трансвистит сыйлаймын», - деп ойын ашып айтты ол.

Қуат Хамитов жынысын ауыстырған еркектерді алғаш көргенде оларды расымен де қыздар шығар деп ойлап қалған екен. Қазір мол тәжірибесінің арқасында трансвистит пен шынайы қызды ажырата алады. «Ең алдымен олардың бойына, қолына және өңешіне қарау керек», - деп тәжірибесімен бөлісті танымал файтер.

Материалда: