Ол қарсыласын бірінші раундта-ақ екі рет нокдаунға жіберді
Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Чехияның Oktagon турнирінде дебютін өткізді.
Братиславада өткен айқаста Жалғас Уэльс өкілі Аарон Абимен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта-ақ екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, үш төреші де оған 10-8 ұпай берді. Осыдан соң Абиді дәрігер тексеріп, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді.
Екінші раундта Жалғас тағы бір нокдаун ұйымдастырды. Үш раунд нәтижесінде төрешілердің ортақ шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.
36 жастағы Жұмағұловтың ММА-дегі көрсетіші 17-9 болса, 34 жастағы Абидің нәтижесі – 16-10-1.
Жұмағұлов – Oktagon тарихындағы алғашқы қазақстандық. Енді ол титулға таласа алады, себебі Аби рейтинг бойынша үшінші орында тұрған.