Ол Қазақстанға UFC-дің чемпиондық белбеуін әкелуді басты мақсатым дейді
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде жеңіске жеткен қазақ Шавкат Рахмонов (18-0) келесі жекпе-жегінің чеипиондық белбеу үшін болатынына үмітті.
Америкалық файтер Ствиен Томпсонды екінші раундта жеңген Рахмонов Қазақстанға чемпиондық титул әкелуді басты мақсатым деп айтқан болатын. Жекпе-жектен кейін ол Эдвардс – Ковингтон кездесуінде кім жеңгені келесі қарсыласым болуы тиіс деп мәлімдеді.
«Ең алдымен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Жеңісім үшін өте қуаныштымын. Мен чемпиондық жекпе-жекке дайынмын. Эдвардс – Ковингтон кездесуінің жеңгенімен төбелесемін деп ойлаймын», - деді Шавкат.
Айта кету керек, Леон Эдвардс (21-3) пен Колби Ковингтон (17-3) арасындағы жекпе-жек бүгінгі UFC 296 турнирінің басты оқиғасы болады.