Бірер жыл бұрын ол тоқал алғанын айтып мақтанған болатын
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай Алматыда өткен Nomad Fighting 11 турнирінде ресейлік Иса Исаевпен төбелесіп, оңбай «таяқ жеді».
Иса Исаев бұған дейін Top Dog лигасының чемпионы болған және Nomad FC лигасындағы чемпиондық титулдың иесі еді. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болып, ресейліктің айқын жеңісімен аяқталды.
Жекпе-жек барысында «Қазақ терминаторы» Қасымбай өте көп соққы жіберіп алды. Салдарынан оның беті қан-жоса болып, ісіп кетті. Десе де, қазақ файтері тәжірибелі қарсыласымен бес раундтың соңына дейін төбелесті.
Осылайша Исаев өзінің Nomad FC чемпиондық титулын қорғап қалды. Ал, Қасымбай болса төртінші рет жеңілді.