Екеуі қаңтарда октагонда өзара мықтыны анықтайды
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қатысуымен өткен Лас-Вегастағы UFC кешінде көрермендер арасында төбелес болды.
Жекпе-жек турнирін көруге келген танымал тұлғалар арасында MMA өкілдері америкалық Шон Стриклэнд (28-5) пен оңтүстікафрикалық Дрикус Дю Плесси (20-2) де болған. Олар бір салмақта өнер көрсетеді және қаңтарда өзара жекпе-жек өткізуі тиіс. Екі файтер бір-бірін көре сала төбелесе жөнелді. Жанында болған адамдар екеуін әзер ажыратты.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов аталған кеште америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығып, екінші раундта қылқындыру әдісі арқылы жеңіске жетті.