Жеңіл салмақ өкілі 18 қаңтар күні атағын қорғайды
UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы титулды жекпе-жектің уақытын ресми түрде жариялады: Ислам Махачев Арман Царукянмен реванш өткізеді.
Айқас 18 қаңтар күні Лос-Анджелестегі Intuit Dome аренада өтетін UFC 311 турнирінің басты жекпе-жегі болады.
Махачев (26-1) қатарынан 14 жекпе-жегін ұтқан. Маусым айында Дастин Порьені ұтса, былтыр қазанда Александр Волкановскиді нокаутқа жіберген.
Царукян (22-3) қатарынан 4 айқаста жеңіске жетті. Сәуір айында ол төрешілердің басым дауысымен Чарльз Оливейраны жеңсе, былтырғы желтоқсанда Бенейл Дариушты нокаутқа түсірді.
Махачев пен Царукян алғаш рет 2019 жылғы сәуір айында Санкт-Петербургте өткен UFC турнирінде кездескен. Сол кезде Царукян Махачевтен ұпай саны бойынша жеңілді.