Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үшінші орынға көтерілді

Редактор
19.12.2023, 11:30

Көшті Камару Усман бастап тұр

instagram.com/shavkatrakhmonov94

Лас-Вегаста өткен турнирден кейін UFC өзінің рейтингін жаңартты. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) төртіншіден үшінші сатыға көтерілді деп жазды «Спорт-Экспресс».

Айта кетейік, аталған турнирде жерлесіміз америкалық Стивен Томпсонмен төбелесті. Шавкат екінші раундтың соңында қарсыласына қылқындыру әдісін қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.

«Әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта үшінші сатыға көтерілді», - деп жазды ресейлік басылым.

Рахмонов рейтингте Гилберт Бернс пен Колби Ковингтоннан озып кеткен.

Материалда: