«Бірде-бір раундта жеңілген жоқ»: Саид Сапаров Шавкат Рахмоновқа жоғары баға берді

Редактор
18.12.2024, 09:53

Рахмоновтың Kill Cliff FC залындағы жаттықтырушысы шәкіртімен мақтанды

Видеодан кадр

UFC-дің жартылай орта салмақтағы файтері Шавкат Рахмоновтың америкалық Kill Cliff FC залындағы жаттықтырушысы Саид Сапаров 8 желтоқсан күні ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы өткен жеңісті жекпе-жегіне баға берді.

Жекпе-жек бес раунд бойы жалғасып, төрешілер шешімімен Рахмоновтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық спортшы үшін бұл кездесу барлық бес раундты еңсерген алғашқы жекпе-жек болды.

«Өте маңызды жеңіс, Белалмен болатын алдағы жекпе-жек алдында бес раунд өте қажет болды. Мен әрқашан спортшылардың өз мүмкіндіктерін толық білгенін қолдаймын: қай раундта қарқын қосу керектігін түсінуі маңызды. Мысалы, Джефф Нилге қарсы жекпе-жекте бәрі «Тағы бір тамаша нокаут!» деп қуанды. Әрине, рекордтар жақсы, бірақ мен жаттықтырушы ретінде спортшылардың жекпе-жектің толық еңсергенін көргенді ұнатамын. Спортшы қанша жерден мықты нокаутер болса да мансабында кем дегенде бірнеше рет барлық раундтарды өтуі керек.

Осы жекпе-жекке келер болсақ — барлық нюанстарды ескере отырып, мен Шавкаттың өте жақсы төбелескенін айта аламын. Екі спортшының да стильдері контр-манераға негізделгенін ұмытпауымыз керек, олар екінші нөмірмен жұмыс істейді. Стильдік ұқсастықты ескерсек, мұндай жекпе-жекте жарқын жеңіс көрсету әрдайым қиын соғады. Жекпе-жекке нақты тоқталсақ, мен бес раундты еңсергені үшін өте ризамын. Шавкат бірде-бір раундта жеңілген жоқ, қарсыласын соққыларымен басып озды. Кейбір қауіпті эпизодтар болды, оны жоққа шығармаймын. Бірақ бес раунд өткеннен кейін бұл тек бірнеше эпизодтар ғана екенін айта аламын. Олар болмаса, бұл жекпе-жек соншалықты қызық болмас еді, — деді Сапаров «Спорт» басылымына берген сұхбатында.