Әлеуметтік желіде екеуін үйлендіргісі келгендер көбейген
ESPN телеарнасының комментаторы Лора Санко «Спорт Шрёдингера» YouTube арнасына берген сұхбатында кейбір жанкүйерлер өзінің Шавкат Рахмоновқа деген құрметін басқаша түсініп жүргенін айтты.
Комментатордың сөзінше, әлеуметтік желіде екеуін үйлендіргісі келгендер де табылған.
«Шавкатты көргенде денем тітіркенеді» деген сөздерімді әркім әрқалай түсініп жүрген тәрізді. Бірақ менің бұл сөздерімде ешқандай романтикалық астар жоқ. Көңіл күйді көтеру мақсатында айтылған сөз ғой. Өзім тұрмыстамын. Білуімше, Шавкат та үйленген. Ешқашан одан бұл туралы сұрап көрген емеспін, бірақ оның отбасылы екендігіне сенімдімін. Сөйте тұра мен оның жанкүйері екенімді растаймын.
Шыны керек, біреулер Шавкат екеумізді үйлендіруге де тырысқан. Соған қарағанда, олар Шавкаттың әйелі барын білмейтін шығар. Ал менің күйеуім бар. Сондықтан Шавкаттың әйелі болуыма күйеуімнің қарсы болатыны анық», - деді Санко.