Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы анықталды

Редактор
02.01.2025, 13:21

Аса жеңіл салмақ рейтингінде Алмабаев сегізінші орында тұр

әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың наурызда өтетін UFC турниріндегі қарсыласы чемпиондыққа бұрынғы үміткер австралиялық Стив Эрцег болуы мүмкін.

Аса жеңіл салмақ рейтингінде Алмабаев сегізінші, ал Эрцег тоғызыншы орында тұр. Бұл дивизионда чемпиондық белбеу бразилиялық Алешандре Пантожеге тиесілі, ол 5 мамырда Рио-де-Жанейрода өткен UFC 301 турнирінде Эрцегті төрешілер шешімімен жеңген.

30 жастағы Алмабаев (21-2) UFC-дегі барлық жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. 2024 жылы ол үш айқас өткізіп, бразилиялық Матеус Николауды жеңген соң үздік ондыққа енді. 

29 жастағы Эрцег (12-3) екі рет жеңілген - Пантожиден соң жаңазеландиялық Кай Каре-Франстан нокаутпен ұтылды. Бұған дейін Алмабаевтың 1 наурызда UFC Vegas 103 турнирінде төбелесетіні туралы ақпарат тарады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: