Playboy жұлдызы Шавкат Рахмоновқа таңданысын жасырмады

Редактор
25.12.2023, 10:46

Сұхбат модельдің YouTube-каналында жарияланған

Фото ашық дереккөзден

Playboy журналының бұрынғы моделі, қазіргі журналист Нина Мари Даниэль UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтан сұхбат алып болған соң, ол туралы жағымды пікірде қалғанын жасырмады.

Сұхбат «Nina Drama» YouTube-каналында жарияланған деп жазады Sports.kz.

«Супер керемет жігіт, жеке әңгімеде өте көңілді екен», - деп пікір білдірді Playboy моделі.

Нинаның көрермендері болса өмірде өте суық, ауыр мінезді адамды жұмсартып, оны басқа қырынан көрсете алғаны үшін журналисті мақтап жатыр.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов желтоқсан айында АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.