Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Усман Нурмагомедов ағасы Хабибтің командасына не үшін қосылмағанын түсіндірді

Редактор
10.01.2025, 00:47

Хабибтің командасында Белал Мухаммад жаттығып жүр

instagram.com/khabib_nurmagomedov/

Мансабында мүлдем жеңіліп көрмеген аралас жекпе-жек шебері – жеңіл салмақта Bellator чемпионы Усман Нурмагомедов жақын күндері болатын жекпе-жегіне дайындықты қызу жүргізіп жатыр. Дегенмен, ол немере ағасы Хабибпен бір командада жаттығып жатқан жоқ.

Бұл күндері UFC-дің экс-чемпионы әйгілі Хабиб Нурмагомедов Лос-Анджелесте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оның командасында Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы – әлем чемпионы Белал Мухаммад та бар.

«Бастапқыда менде аздап визамен проблема болды. Кейіннен виза алдым, дегенмен кештеу болды, сондықтан Америкаға бармау туралы шешім қабылдадым. Егер мен ол жаққа барғанда, онда уақыт белдеуіне үйренуіме тура келуші еді. Он күн жоғалтып алар едім. Сол үшін Дағыстанда қалып жаттығу жасау туралы шешім қабылдадым. Себебі мұнда да төбелесетін жауынгерлер өте көп», — деді Усман MMA Junkie-ге берген сұхбатында.

25 қаңтарда Усман Нурмагомедов Bellator-да ирландиялық Пол Хьюзбен айқасады. Кездесу Дубайда өтеді.

Жарнама
Жарнама