Ол қарсыластарының бұтына қолын жүгіртіп, сүйіп қалуға тырысатын көрінеді
Аралас жекпе-жектен Қазақстан өкілі Артем Резников жеңіл салмақта UFC чемпионы – грузин Мераб Двалишвилиді қатаң сынады.
«Оның ұлтшылдық ұрандары ұнамайды. Өзін октагонда қалай ұстайтыны да ұнамайды. Қарсыласының құйрығынан ұрып, сүйетіні бар… Гей сияқты. Үнемі файтерлердің ұлтына қатысты әңгіме айтатыны ұнамайды. Екі адам арасындағы төбелес, ендеше сен неге ұлтты әкеліп қыстырасың? Бұл нені білдіреді, бұл – сол адамның әсіре ұлтшыл екенін білдіреді», - дейді Резников «СЭ» басылымына берген сұхбатында.
Айта кету керек, Двалишвили 19 қаңтарда Лос-Анджелесте өтетін UFC 311 турнирінде Умар Нурмагомедовпен төбелеседі. Соңғы рет ол 2024 жылдың қыркүйегінде америкалық Шон О’Мэллимен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті және жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды.