Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

ММА-де өнер көрсеткен Абылайхан Шаратов дзюдоға оралды

Редактор
14.01.2025, 15:04

Ол қос спорт түрі бойынша қатар өнер көрсетуді көздеп отыр

instagram.com/abylaikhan.sharatov

Бірнеше жылдан бері аралас жекпе-жектен өнер көрсетіп жүрген дзюдошы Абылайхан Шаратов мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта Өзбекстан астанасында жаттығу жиындарында жүрген ол енді дзюдоға қайта оралмақ.

Бұл туралы спортшының өзі көпшілікке ресми түрде хабарлады. Осылай деген ол қос спорт түрі бойынша қатар өнер көрсетуді көздеп отыр.

«Ташкент қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиындарындамын. Алдағы уақытта дзюдо мен ММА спортын қатар алып жүремін»,  – деді Абылайхан Шаратов.

Абылайхан Шаратов 2016 жылы 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Ал 2017 жылы Еуропаның ашық кубогының қола жүлдесіне қол жеткізсе, 2019 жылы Ташкентте өткен әлемдік Гран-придің қола жүлдесін иеленді.

Кейін ол аралас жекпе-жектен (ММА) сынға түсіп, 2022 жылы Naiza 46 турнирінде дебют жасап, бірнеше рет жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама