Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Шавкат ешқашан мен сияқты адаммен төбелесіп көрмеген – Белал Мухаммад

Редактор
17.01.2025, 16:34

Ол  Хабиб Нурмагамедовтің командасымен жаттығу сәтті өткенін айтты

instagram.com/bullyb170

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) мамыр не маусым айында төбелеспек.

Ол UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагамедовтің командасымен жаттығу сәтті өткенін, жарақаттан соң қалыпқа келе бастағанын алға тартты. 

«Рамданнан соң бірден ораламын. Мамыр не маусым өте сәтті кезең болады деп ойлаймын. Өткен аптада Вегаста Хабибтің командасымен бірге жаттығу жасадым, бұл менің ағзам үшін керемет тәжірибе болды, сергіп қалуыма көмектесті. Қазір денем қалпына келе бастады.
Шавкат ешқашан мен сияқты адаммен төбелесіп көрмеген. Торға кіргенде менің өзгелерден мүлде бөлек екенімді түсінеді. Ол бұл ойында түрлі деңгей барын ұғады. Әлемде жартылай орта салмақта теңдессіз екенімді дәлелдеймін», - деді Белал.

Негізі Рахмонов пен Мухаммад арасындағы айқас желтоқсанда өтуі тиіс еді, алайда америкалық аралас жекпе-жек шебері жарақатына байланысты бұл кездесуден бас тартты.

Жарнама
Жарнама