Белал Мұхаммед былтыр шілдеде чемпиондық белбеуді иеленген
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуіне қашан таласуы мүмкін? Қарсыласы, америкалық спортшы Белал Мухаммад жоспарын айтты.
Белал Мұхаммед былтыр шілде айында Леон Эдвардсты жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген еді. Алайда ол әлі бұл титулын қайта қорғаған жоқ. Желтоқсанда өтетін UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегі Белалдың жарақатына байланысты кейінге шегерілді. Ал Шавкат сол кеште алғаш рет төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, Иан Гэрриден басым түсіп, 1 млн доллардан аса табыс тапты.
«Мен жазға дейін октагонға шығатын боламын. Рамазан айын өткізіп алайын, сосын дайындыққа кірісемін», - дейді Белал.
Айта кетейік, мұсылмандардың Рамазан айы 2025 жылы наурызда басталады.