Тәжік файтері Тараздағы жекпе-жекте жеңіліп, жаппай төбелес ұйымдастырды (ВИДЕО)

Редактор
Бүгін, 11:16

Жаппай төбелес кезінде де ол «таяқ жеп» қала жаздады

meta-ratings

Таразда өткен аралас жекпе-жектен Alash Pride турнирінде тәжікстандық Мухаммадризвон Кахоров жеңіліп қалып, октагонда жаппай төбелес ұйымдастырды.

Тәжік файтері бразилиялық Жозе Феррейрамен жекпе-жекке шыққан болатын. Алайда, жеңіліп қалып, эмоциясына ерік берді. Жаппай төбелес кезінде де ол бірнеше ауыр соққы алып қалған.

Кахоров «Кипиш» лақап атымен танымал. Ол жарқын жеңістерімен есте қалмаса да, октагондағы оғаш қылықтары арқылы танылған спортшы. Оның бапкерінен шапалақ алғаны әлеуметтік желілерде «мемге» айналып кеткен.

Тәжік файтері осылайша бесінші рет жеңіліп отыр. Ол небәрі екі жеңіске қол жеткізген. Ал, оның бразилиялық қарсыласы болса екі рет жеңіп, екі рет жеңілген.