Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жапонияны шулатқан қазақ файтері UFC-де төбелескісі келеді

Редактор
02.02.2025, 13:57

Менеджері оған қатаң талаптарын қойған

Rizin

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дәуітбек (17-3) UFC-де өнер көрсеткісі келеді. Meta-ratings.kz тілшісіне сұхбат берген файтер аталған лигаға ауысу кез келген спортшының арманы екенін айтты.

Қаршыға қазіргі таңда белгілі менеджер Саят Әбдірахмановпен серіктестік орнатқан.

«Біз Саятпен жиі байланыстамыз, тіпті бүгін де сөйлестік. Менің әуел бастағы мақсатым – UFC-ге өту болатын. Кез келген спортшы Олимпиадаға қатысуды армандаса, кез келген файтер де дәл солай UFC-де өнер көрсетуді армандайды. Тіпті, жеңбесе де, сол лигада бір төбелескеннің өзі мәртебе. Бірақ, менің жағдайымда бәрі басқаша болып тұр. UFC-ді Олимпиада деп алып қарасақ, өзге промоушендар Әлем чемпионаты секілді. Мен өнер көрсететін жапониялық Rizin да осы әлем чемпионаты деуге келеді. 

Саят маған UFC-ге өту үшін алдымен осы Rizin-де чемпион болуың керек деп айтты. Тек сол жағдайда ғана UFC-ден контракт аламын. Енді қолымнан келгеннің бәрін істеймін, бірақ менеджер де маған көмектесуі тиіс», - деді Қаршыға.

Қазақ файтері Жаңа жыл алдында Жапонияда кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Оның келесі кездесуі 30 наурызда өтеді. Қарсыласы – жапон Чиниро Сукузуки.

Жарнама
Жарнама

Материалда: