Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Асу Алмабаевтың айқасынан соң UFC-ге ереже өзгерту ұсынылды

Редактор
02.03.2025, 19:23

Жекпе-жек кезінде Капе Алмабаевтың көзін шұқып алған

Видеодан кадр

Аса жеңіл салмақта UFC чемпиондығына бұрынғы үміткер Эл Яквинта португалиялық Манел Капе (21-7) мен қазақстандық Асу Алмабаев (21-3) арасындағы айқасқа қатысты пікір білдірді.

Екеуара жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC Fight Night 253 турнирінің басты айқасы ретінде өтіп, Капенің техникалық нокаутымен аяқталды.

Үшінші раундта қарсыласы Алмабаевтың көзін шұқып алғанымен, рефери Майк Белтран ешқандай ескерту жасаған жоқ. Нәтижесінде Манель жұмысын жалғастырды.

«Неге олар көзден шұқуға рұқсат бере салмайды екен? Егер көзден шұқуға рұқсат берілсе, мұндай жайт қайталанбаушы еді», - деп жазды Яквинта әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Алмабаев UFC-де бірінші рет жеңіліс тауып отыр. Асудың бұған дейінгі көрсеткіші 4-0 болатын.

Жарнама
Жарнама