Соңғы рет шотландиялық файтер 2021 жылдың шілдесінде төбелескен
UFC лигасының экс-чемпионы, даңқты спортшы Конор Макгрегор (22-6) октагонға қайта оралатынын мәлімдеді. Оның жекпе-жегі маусым айында АҚШ-та өтеді.
«Спорт тарихындағы ең ұлы камбэк (қайта оралу – авт.) Лас-Вегастағы Халықаралық жекпе-жек аптасында болады. 29 маусымда мен Майкл Чендлермен төбелесемін, жекпе-жек орта салмақта өтеді», - деп мәлімдеді Конор әлеуметтік желі арқылы таратқан видеоүндеуінде.
Айта кетейік, Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілдесінде шыққан. Ол кезде шотландиялық файтердің аяғы сынып, Дастин Порьеге техникалық нокаутпен жеңілген еді.