Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

UFC Шавкат Рахмоновты чемпиондық айқастан айырмақ

Редактор
03.03.2025, 16:10

Оның орнын Леон Эдвардс басуы мүмкін

Фото әлеуметтік желіден

Жартылай орта салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы британдық Леон Эдвардс 22 наурыздағы айқастан соң чемпиондық жекпе-жекке үміткер болатынына сенімді.

Леон Лондонда өтетін UFC Fight Night 255 турнирінде Шон Брэдиді жеңемін деп отыр. 

Бастапқыда Эдвардс Джек Делла Маддаленамен төбелесуі керек еді, алайда аустралиялық жартылай орта салмақта Белал Мухаммедпен чемпиондық айқаста Шавкат Рахмоновтың орнын басты. Себебі «Номад» жарақатына байланысты Белалмен кездесуден бас тартуға мәжбүр болды. 

«Бірер апта бұрын UFC-мен сөйлестім. Негізі UFC 315-те Шавкаттың орнына мен шыққым келген. Дегенмен олар менің арқамда Лондондағы турнирдің билеттерін сатып жатқанын айтты. Сондықтан мені кардтан алып тастау қиын болатынын түсіндірді. UFC басшылығы Шон Брэдимен айқас нөмір бірінші жекпе-жек екенін, тиісінше кім жеңсе, сол титулға таласатынын жеткізді. Сондықтан жеңсем, белбеу үшін күресемін. Бұл менің басты мақсатым», - деді Эдвардс өзінің YouTube-арнасында. 

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт Белал Мухаммад — Джек Делла Маддалена дуэтінің жеңімпазы жартылай орта салмақ рейтингінде екінші орында тұрған Шавкат Рахмоновпен кездесетінін мәлімдеген еді.

Жарнама
Жарнама