Шавкат Рахмонов Алматы тауларында мұзды суға шомылды (ВИДЕО)

Редактор
04.01.2024, 09:14

Ол биыл чемпиондық титул үшін төбелесуді жоспарлап отыр

Getty Images

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық әйгілі файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өз жеңістерінің құпиясымен бөлісті. Әлеуметтік желідеігі Best og MMA парақшасында спортшының ерекше видеосы жарияланған.

Аталған видеода Шавкат Іле Алатауындағы мұзды өзендердің бірінде шомылып жатыр. Осылайша ол өз денесін шынықтыруда.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін желтоқсанда америкалық Стивен Томпсонмен өткізіп, оны екінші раундта жеңді. Осылайша ол аралас жекпе-жекте өткізген 18-ші кездесуінің бәрінде жеңіске жетіп отыр. Оның алтауын қазақ файтері UFC лигасы аясында өткізген.

Материалда: