Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жалғас Жұмағұлов титулды жекпе-жек өткізеді

Редактор
09.04.2025, 22:49

Оның қарсыласы – Еуропадағы ең мықты файтерлердің бірі

Фото әлеуметтік желіден

Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы ең ірі ММА промоушендердің бірінде титулдық жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

28 маусым күні Германияның Гамбург қаласында өтетін чехиялық Oktagon турнирінде (Oktagon 73) Жұмағұловтың (17-9) қарсыласы аса жеңіл салмақтағы (57 кг) қазіргі чемпион — грузиялық Бено Адамия (12-8) болады. Турнир 15 мың орындық Barclays Arena-да ұйымдастырылады.

36 жастағы Жұмағұлов Oktagon промоушенінде алғашқы жекпе-жегін 9 қарашада өткізіп, Уэльс өкілі, бұрынғы үміткер Аарон Абиді төрешілер шешімімен жеңді.

Ал 28 жастағы Адамия чемпиондық белбеуді 22 ақпанда жеңіп алған — ол төрешілер шешімімен ағылшын Сэм Кризиден (19-6) басым түсті. Грузиялық спортшы қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жеткен, оның үшеуі — Oktagon ұйымында.

Чехиялық Oktagon — Еуропадағы жетекші ММА лигалардың бірі. Олар турнирлерін стадиондарда жиі өткізеді: Кёльнде – 18 000, Прагада – 20 000, ал Франкфуртте тіпті – 50 000 көрермен жинаған. Oktagon-нан UFC-ге алты спортшы өткен, олардың ең танымалы — UFC-дегі алғашқы өзбекстандық Махмуд Мурадов.

Жарнама
Жарнама