Дағысьандық файтер жоғары салмаққа көтерілуді бұрыннан жоспарлап жүр
АҚШ-тан шыққан UFC-дің бұрынғы өкілі Чейл Соннен жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев болашақта салмақ дәрежесін ауыстырып, қазақстандық Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмаққа көтерілуі мүмкін екенін айтты.
Қазіргі таңда Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін басты үміткер саналады. Бұл титулдың қазіргі иесі — америкалық Белал Мухаммад. 10 мамыр күні Белал чемпиондық атағын қорғау үшін аустралиялық файтер Джек Делла Маддаленамен кездесу өткізеді.
«Хабиб Исламға Джек пен Белал арасындағы жекпе-жек ресми түрде аяқталғанға дейін ешқандай шешім қабылдамауға кеңес берді. Олар 170 фунт салмаққа ауысып, Белалмен төбелескісі келмейді. Себебі Белалмен жақын дос. Сондықтан оның белбеуін тартып алғысы келмейді.
Ислам Махачев ешқашан ештеңе сұраған емес. Бірақ ол жартылай орта салмақта өнер көрсеткісі келетінін аңғартты. Бұған дейін ештеңе талап етпеген жігітке қалағанын беретін уақыт келген сияқты», — деді Соннен өзінің YouTube-каналында.