43 жастағы Эвраның қарсыласы әзірге белгісіз
Ресейлік даңқты файтер Хабиб Нурмагамедов футболдан аралас жекпе-жекке ауысқан әйгілі Патрис Эвраны жаттықтыруға келісім берді.
Франция құрамасының, «Манчестер Юнайтед» пен «Ювентустың» бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвра 43 жасында ММА-дағы дебютін өткізбекші, ол 23 мамыр күні PFL Paris турнирінде өнер көрсетеді.
Эвраның қарсыласы әзірге жарияланған жоқ. Жекпе-жек жартылай орта салмақта және әуесқой ережелерімен өтетіні белгілі (әр раунд 3 минуттан, барлығы 3 раунд).
Хабиб пен Патрис бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, ресейлік спортшы французға көмектесетінін алға тартты.
«Қазір жаттығу залындамын, жаңа ғана жаттығуымды аяқтадым. Бұл мен үшін маңызды. Сені, спортты ерекше құрметтеймін, дәл сол себепті сенімен бірге жаттығу жасағым келеді», - деді Эвра.
Өз кезегінде Хабиб: «Мен саған адамдарды тас-талқан етіп ұтуды үйретемін», - деп жауап қатты.