Шавкат Рахмонов әскерге барып, сарбаздармен кездесті

Редактор
09.01.2024, 20:33

Ол жас әскерилердің сұрақтарына жауап берген

instagram.com/shavkatrahkmonov94/

UFC шебері, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов еліміздегі әскери бөлім сарбаздарымен кездесті. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-парақшасында жазды.

«Қазақтың сарбаздарымен кездестік! Көптеген сұрақтарға жауап бердік, толықтай қазақ жері қауіпсіздікте екеніне көз жеткізіп қайттық», - деп жазды спортшы.

Бір топ әскеримен бірге суреткен спортшының шекарашы сарбаздармен жүздескенін байқауға болады. Жекпе-жек шеберінің әрекетін желі қолданушылары жоғары бағалаған.

«Алаш ұландары! Аман болыңдар!», «Аспанымыз ашық болсын!», «Жастарда патриоттық сана болуы керек», «Жарайсың, Шавкат!», «Қазақтың әр баласы Шавкаттай болсын» деген сыңайда пікір жазып қалдырған.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін желтоқсанда америкалық Стивен Томпсонмен өткізіп, оны екінші раундта жеңген болатын. Осылайша ол аралас жекпе-жекте өткізген 18 кездесуінің бәрінде жеңіске жеткен еді. Оның алтауын қазақ файтері UFC лигасы аясында өткізген.

Материалда: