Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов октагонға қашан шығады

Редактор
12.05.2025, 16:24

Қазақстандық файтердің жаттықтырушысы мән-жайды айтты

Cooper Neill/Zuffa LLC

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров спортшының келесі жекпе-жекке қай уақытта оралатынын айтып берді. Бұл туралы Bookmaker-ratings.ru жазды.

Базровтың айтуынша, Рахмонов қазіргі таңда тізесіне жасалған операциядан кейін оңалтудан өтіп жатыр.

Шавкаттың тізесіне операция жасалды. Енді оған екі-үш айлық толық қалпына келу мерзімі қажет. Содан кейін жекпе-жекке қайта ораламыз деп отырмыз. Күздің соңына қарай немесе желтоқсанда қайтып келуді жоспарлап отырмыз, – деп мәлімдеді ол «Спорт Шредингера» Telegram-арнасына берген сұхбатында.

30 жастағы Рахмонов ММА-де 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың 7 желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткен болатын. Сол кездесуде қазақстандық спортшы ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Шавкаттың октагонға оралуы жанкүйерлер үшін асыға күтетін сәттердің бірі болмақ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама