«Қазақтардың жақсылығын ұмытпаймыз»: әйгілі Мовсар Евлоев Қазақстан туралы пікір білдірді

Редактор
17.01.2024, 15:50

Қазақтар оны әліге дейін жылы қабылдайды екен

Fight Wave

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Мовсар Евлоев өзінің UFC 297 турнирінің алдында Vesti.kz тілшісіне сұхбат беріп, өзінің мүмкіндігі мен Қазақстанмен тығыз байланысы туралы айтты. Сондай-ақ, ол Шавкат Рахмонов туралы да өз пікірін білдірген.

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Мовсар Евлоев 21 қаңтар күні Канаданың Торонто қаласында айқасқа шығады. Оның бұл сындағы қарсыласы ағылшын файтері Арнольд Аллен болмақ. 

Сұхбат барысында спортшы сталиндік қуғын-сүргін заманында қазақ халқының ингуш ұлтына қалай көмектескені туралы айтты.

«Мен үшін Қазақстан – қиын уақытта игуштарды жатсынбай қабылдап, қолдау көрсеткен ұлт. Туғалы бері Қазақстан туралы жиі естимін. Бұл ұлт менің халқымды қиын кезеңде құшағына қабылдағаны үшін сыйлауға тиіспін. Олар мені Қазақстанға барған сайын жылы қабылдайды. Қазақтар бізге ең жақын ұлттың бірі. Туған бауыр болмаса да, ингуш ұлтына өте етене араласқан халық», - деді Евлоев. 

Осы аптада Торонтода өтетін UFC 297 сынында америкалық Шоно Стриклэн мен оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плесси, Евлоев пен Аллен айқасады. Жекпе-жектер Астана уақытымен 9:00-де басталады.