Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Сені ешкім ойламайды»: Шавкат Рахмонов өзіне қандай сыйлық алғанын көрсетті

Редактор
Бүгін, 09:48

Файтерге жанкүйері «Елге UFC белбеуін алып келсең, 100 жылқы менен» деп пікір қалдырған

instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC-де ел намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмонов өзіне жаңа Mercedes-Benz Gelandewagen көлігін сатып алды. Спортшы бұл қуанышын Instagram-да бөлісті.

«Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң ешкім сені ойламайды», – деп жазды Рахмонов.

Рахмоновтың  оқырмандары белсенді пікір жазып, жылы лебізін білдірді. Тіпті, жанкүйерінің бірі «Елге UFC белбеуін алып келсең, 100 жылқы менен» деп пікір қалдырған.

Mercedes-Benz-тің Қазақстандағы ресми өкілдіктерінде мұндай көліктің бастапқы бағасы шамамен 103 миллион теңгені құрайды.

Айта кетейік, UFC-дегі алғашқы қазақстандық Шавкат Рахмонов өзін бұрынғыдай «аш емес» деп сынағандарға жауап берді. Ол Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында жекпе-жекке ұзақ уақыт шықпай жүргенінің себебін де түсіндірді.

«Бұл – ішкі мотивацияны түсінбеген адамдардың сөзі деп білемін. Егер менде ынта болмаса, спортты баяғыда-ақ тастаған болар едім. Ал мен мақсат қойдым, сол жолмен келе жатырмын», – деді Рахмонов сұхбатында.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: