Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов ресейлік журналиске сұхбат беруден бас тартты

Редактор
26.07.2025, 21:18

Ресейдің «Ушатайка» басылымына сұхбат беруден бас тартты.

© ufc.com

Бүгін жанкүйерлерді Абу-Дабидегі өтетін  UFC Fight Night турнирі күтіп тұр. БАӘ астанасындағы аламанда қазақ жанкүйерлері Асу Алмабаев пен Хосе Очоа арасындағы айқасты тамашалайды. Айта кетейік, перулік спортшы бұл жекпе-жекке допингпен ұсталып, турнирден шеттетілген өзбекстандық Рамазан Темировтің орнына шықты.

Басты кард алдындағы айқаста «Зұлфиқарды» қолдауға Шавкат Рахмоновтың өзі арнайы барған.

Салмақ өлшеу рәсімінен кейін сахна сыртында «Номадты» жанкүйерлер мен журналистер қоршап алды. Шавкат бәрімен суретке түсіп, қолтаңба бергенімен, Ресейдің «Ушатайка» басылымына сұхбат беруден бас тартты.

Шавкат Рахмонов Асу Алмабаевтың бұрышында тұрып, оған жекпе-жек кезінде кеңес беретін болады.

Айта кетейік, турнир Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Ал Алмабаев октагонға 27 шілдеге ауған түні сағат 00:30 шамасында шығады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама