Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған спортшы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Редактор
31.07.2025, 15:31

27 шілде күні Рахмоновтың жұбайы тізгіндеген Toyota Land Cruiser 200 көлігі жол апатына ұшырады

Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Шон Брэди жуырда осы дивизиондағы қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмоновқа жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс жасаған еді. Бірақ ол Шавкаттың отбасында болған қайғылы жағдай туралы естімегенін айтты.

BradyBagz атты подкастының соңғы шығарылымында Брэди қараша айында Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында «Номадпен» айқасуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Бұл сөзін ол Instagram парақшасында да бөлісті. Алайда жазба астында бір қолданушы дәл қазір мұндай ұсыныстың орынсыз екенін ескертіп, Шавкаттың әйелі мен ұлы жақында жол апатына түскенін еске салды.
Оған жауап ретінде америкалық файтер:

«Біз бұл подкастты жексенбі күні таңертең жаздық. Бұл жағдай туралы мүлдем хабарым болған жоқ. Зардап шеккендердің бәрі үшін дұғадамын», – деп жазды.

Айта кетейік, 27 шілде күні Алматы – Екатеринбург тас жолында Шавкат Рахмоновтың жұбайы тізгіндеген Toyota Land Cruiser 200 көлігі жол апатына ұшырады. Автокөлікте төрт адам отырған, оның ішінде спортшының ұлы да бар. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 және 35 жастағы екі әйел көз жұмды, ал Рахмоновтың отбасы мүшелері Шу қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға болған күні Шавкат Абу-Дабиде өткен UFC турниріне барып, өзінің командаласы Асу Алмабаевтың бұрышыда тұрған еді.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: