Александр Емельяненко арақ ішпей, спорттық формасын жоғалтпаса оған пәтер сыйға беріледі

Редактор
21.01.2024, 16:27

Спортшы ішкіліктен шығу үшін Ингушетияда емделген

Instagram

Аралас жекпе-жектен ресейлік танымал файтер Александр Емельяненко мен IBA президенті Умар Кремлев бәстесті. Егер Емельяненко бұрынғыша ішкілікке салынып кетпей, спорттық формасын жоғалтпаса, Кремлев оған пәтер сыйға тартады.

Айта кетейік, бұған дейін Емельяненконың ислам дінін қабылдағаны туралы айтылған болатын. 42 жастағы спортшы ішкілікке әбден салынып, өткен жылдан бері Ингушетия республикасында емделген екен. Биыл жыл басында ол Медина қаласына барып, өзіне арабша есім таңдап алды.

Қазір спортшы уақытының көп бөлігін спорт залында өткізіп жүр. Осыған қуанған Кремлев ескі досына мотивация беру үшін пәтер беруге уәде етті. Аталған сәт түсірілген видеоролик Емельяненконың Instagram-парақшасында жарияланған.