Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Махачев пен Маддалена жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

Редактор
29.08.2025, 16:01

UFC тарихында екі түрлі салмақта чемпион атанған тұңғыш ресейлік спортшы атанады

Фото: Instagram/ufc

29 тамызда UFC ұйымы көпшілік асыға күткен жекпе-жектердің бірін ресми түрде жариялады. UFC 322 турнирінің басты шайқасында ресейлік Ислам Махачев пен аустралиялық Джек Делла Маддалена жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Жекпе-жек 16 қарашада Нью-Йоркте өтеді. Бұған дейін Махачев жеңіл салмақтағы титулынан бас тартып, жартылай орта дивизионға көтерілген болатын. Егер ол бұл жолы да жеңіске жетсе, онда UFC тарихында екі түрлі салмақта чемпион атанған тұңғыш ресейлік спортшы атанады.

Ал Джек Делла Маддалена осыдан төрт ай бұрын Белал Мухаммадты жеңіп иеленген белбеуін алғаш рет қорғайды. 

Айта кетейік, Ислам Махачев ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, соның 27-сінде жеңіске жеткен. Ал Джек Делла Маддалена 20 айқастың 18-інде үздік шыққан. Одан бөлек аустралиялық файтер UFC-де қатарынан сегіз рет жеңіске жетті.

Еске салайық, жартылай орта салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов та бар, бірақ оның октагонға қашан оралатыны белгісіз. Шавкат соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, төрешілердің ортақ шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама