Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Құранды өртеді»: Хамзат Чимаев Швеция азаматтығынан бас тартты

Редактор
13.10.2025, 17:03

Чимаевта Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтығы бар

Getty Images

Ресейлік блогер Адам Зубайраевтың айтуынша, UFC орта салмақ чемпионы Хамзат Чимаев Швеция азаматтығынан бас тартқан. Бұл туралы ол Камил Гаджиевтің YouTube-арнасында берген сұхбатында айтты.

«Ол азаматтықты алу мүмкіндігі болған кезде Швеция азаматтығынан бас тартты. Оның тұрақты тұруға рұқсат беретін картасы ғана болды. Сонымен қатар, бәріміз Швецияда болған белгілі оқиғаларды білеміз – Құранның өртенуі және тағы басқа. Ол бұған қатты қарсы болды. Мұның бәрі, сонымен қатар елдегі жоғары салықтар, шешіміне әсер етті», - деді ол.

Әңгіме барысында Хамзат Чимаевтың Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтығына ие екені белгілі болды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: