Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Дамир Ысмағұлов октагонға қашан оралатыны анықталды

Редактор
16.10.2025, 09:39

Ысмағұлов ММА-дегі соңғы екі жекпе-жегін Alash Pride ұйымында өткізді

© Mike Roach / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

AMC Fight Nights ұйымының президенті Камил Гаджиев Hustle Show бағдарламасында бірнеше салмақ дәрежесінде өтетін Гран-приге тоқталды. Оның сөзінше, жеңіл салмақта Дамир Ысмағұловқа арнайы ұсыныс жасауды жоспарлап отыр.

Қатысуы мүмкін деген спортшылар тізімі:

Дамир Ысмағұлов (Қазақстан)
34 жаста
ММА-де - 27 жеңіс, 3 жеңіліс
UFC-де - 5 жеңіс, 2 жеңіліс
M-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы

Владимир Токов (Ресей)
29 жаста
ММА - 11-2, Bellator - 5-2

Андрей Гончаров (Ресей)
28 жаста
ММА - 16-4, ACA - 6-1

Тимофей Настюхин (Ресей)
35 жаста
ММА - 14-8, ONE Championship - 7-7
2019 жылы UFC-дің бұрынғы чемпионы Эдди Альваресті сенсациялық түрде нокаутқа жіберген.
2023 жылы қатарынан төрт рет нокаутпен жеңілген соң мансабын аяқтаған.
Шешесі қазақ, Алматы облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген.

Ахмед Алиев (Ресей)
35 жаста
ММА - 22-10, PFL - 3-3
Fight Nights ұйымының экс-чемпионы
27 жекпе-жекте небәрі бір рет нокаутпен жеңілген (2012 жылы Зубайра Тухуговтан).

Биыл 27 ақпанда қазақстандық Фаниль Рафиковтан бокс ережесі бойынша жеңілген.
Естеріңізде болса, Ысмағұлов ММА-дегі соңғы екі жекпе-жегін Alash Pride ұйымында өткізді - 2024 жылдың қыркүйегінде және 2025 жылдың мамырында нокаутпен жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: