Отандасымыз 22 қараша күні Дохада жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық UFC файтері Бекзат Алмахан алдағы жекпе-жек алдында мақсаты туралы айтып берді.
22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде Алмахан испан-тектес грузин спортшысы Александр Топуриямен (6-1) кездеседі.
«Мен АҚШ-қа тек жаттығу жасап, өзімді жетілдіру үшін келдім. American Top Team залында мықты серіктестер мен бапкерлер бар. Олардан көп нәрсе үйреніп, нағыз кәсіби жауынгерге айналуға мүмкіндік бар. Менің жалғыз мақсатым – UFC чемпионы болу», - деді Бекзат испан журналисі Энрике Хименомен сұхбатында.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-де алғаш рет 2024 жылдың наурыз айында Ресей спортшысы Умар Нурмагомедовпен кездескен болатын. Сол айқаста тарздық файтер қарсыласын нокдаунға жіберген алғашқы спортшы атанды, бірақ жекпе-жек төрешілер шешімімен Нурмагомедовтің пайдасына аяқталды.