Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Топурия әлемдік футболдағы басты жауынгерді атады

Редактор
25.10.2025, 17:42

Cпортшы футболды көпшілік бағаламайтынын айтты

Getty Images

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия футболшылардың арасында ең мықты жауынгер деп кімді санайтынын айтты.

Жекпе-жек шеберінің пікірінше, бұл атақ «Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холандқа тиесілі.

«Футбол әлемінде ең мықты спортшы деп Холандты атар едім. Бұл жігіттің менталдық қуаты керемет. Алаңда үнемі қысымға ұшырайды: қарсыластар оны үнемі қағып-соғады, дөрекі фолдармен тоқтатуға тырысады. Соған қарамастан орнынан тұрады да, қайта-қайта гол соғады. Оның физикалық күші мен рухының беріктігі - нағыз жауынгерге тән қасиет», - деді Топурия AS басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ спортшы футболдың кейде қаншалықты қатал болатынын көпшілік бағаламайтынын айтты:

«Футбол жай ғана пас алмасу дейтіндерге айтарым, футбол - үнемі физикалық және психологиялық шайқас. Осындай қысымға төтеп беру үшін нағыз жауынгердің мінезі керек. Холанд дәл сондай - ол нағыз машина», - деп түйіндеді Топурия.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: