Жарнама
Жарнама

Өзбектің атақты файтері африкалық қарсыласын ерекше әдіспен жеңді (ВИДЕО)

Редактор
08.11.2025, 10:19

Ол бұған дейін қазақстандық лигада да өнер көрсеткен

IG/pardaev__ozod©

Таиланд астанасы Бангкокте өткен аралас жекпе-жектен ONE Championship турнирінде өзбектің белгілі спортшысы Авазбек Холмирзаев (14-2) Оңтүстік Африка Республикасынан келген Вилли ван Ройенді (7-1) небәрі бірінші раундта жеңіп кетті.

Жекпе-жек өте қарқынды басталған. 24 жастағы Холмирзоев ерекше шапшаңдық танытып, бұрын-соңды жеңіліп көрмеген қарсыласының әлсіз тұсын таба алды. Ол оңтүстікафрикалықты жерге сұлатып түсіріп, қолына ауырту әдісін жасаған. Ройенге берілуден басқа амал қалмады. Осылайша, айқас небәрі үш минутқа жетпейтін уақытта аяқталды.

«Ниндзя» лақап атымен танымал өзбек файтері 14-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. One лигасындағы рекорды – 8-1. 

Сондай-ақ, Авазбек қазақстандық Alash Pride лигасында да өнер көрсеткен.

Ал, 23 жастағы Ройен болса қатарынан 7 жеңістен кейін алғаш рет жеңілді.

Реклама
Реклама