Жарнама
Жарнама

UFC: эквадорлық спортшы Шавкат Рахмоновты қуып жетті

Редактор
16.11.2025, 11:16

Моралес америкалық Шон Брэдиді бірінші раундта нокаутқа жіберді

Getty images

UFC-дегі эквадорлық спортшы Майкл Моралес карьерасындағы 19-жеңісіне қол жеткізді.

Нью-Йоркте (АҚШ) өткен UFC 322 турнирінде Моралес америкалық Шон Брэдиді бірінші раундта нокаутқа жіберді. Ал Майклдың өзі бүгінге дейін бір де бір рет жеңілмеген. Қазіргі рекорды – 19-0, яғни дәл осы дивизионда өнер көрсететін қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың көрсеткішімен бірдей.

Еске сала кетсек, «Номад» соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің ортақ шешімімен жеңген еді. Сол кезден бері Рахмонов ауыр жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ. Әзірге жерлесіміздің келесі айқасы қашан өтетіні белгісіз.

Реклама
Реклама