Ислам Махачев жартылай орта салмақта чемпион атанды.
Шавкат Рахмонов өнер көрсететін DAR Team ұйымының баспасөз қызметі қазақстандық файтердің Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізу ықтималдығына қатысты мәлімдеме жасады.
«Барлығы осы оқиғаға қарай келе жатқан сияқты ғой, солай ма?» - делінген команданың Instagram-тағы ресми парақшасында жарияланған жазбада.
Еске салайық, Астана уақытымен бүгін таңертең Ислам Махачев Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде аустралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің ортақ (50:45) шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтың жаңа чемпионы атанды.
Дәл осы дивизионда өнер көрсететін Шавкат «Номад» Рахмонов UFC рейтингінде қазіргі таңда үшінші орында тұр.
Шавкаттың өзі Маддаленаны жеңген Махачевке үндеу жасап, екеуінің бар екенін еске салды.
Еске сала кетсек, «Номад» соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің ортақ шешімімен жеңген еді. Сол кезден бері Рахмонов ауыр жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ. Әзірге жерлесіміздің келесі айқасы қашан өтетіні белгісіз.