Жарнама
Жарнама

Азия чемпионы Болат Сақаевқа Атыраудан пәтер сыйға берілді

Редактор
23.11.2025, 18:01

Болат Сақаев ұзақ жылдардан бері 74-79 келіде күрескен

ҰОК

Еркін күрестен ұлттық құрама мүшесі Болат Сақаевқа демеушілер пәтер сыйлады. Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай желіде жазба жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

«Еркін күрестен Азия чемпионы Болат Сақаевқа пәтердің кілті табысталды. Ерлерді қадірлеген ағайынға мың алғыс», - деп жазды ол.

Пәтерді Атырау облысының күрес түрлері федерациясының президенті Арман Тоғаев табыстаған. Сондай-ақ, бұл баспана Атырау қаласынан ұсынылып отыр.

Болат Сақаев ұзақ жылдардан бері 74-79 келіде күрескен. Ол екі жыл бұрын Астанада өткен Азия чемпионатында 79 кг дейінгі салмақта топ жарған. Биыл Йорданияда өткен бәсекеде 86 келіде белдесіп, күміс медаль иеленді.

Реклама
Реклама