Жарнама
Жарнама

Абылайхан Жұбаназар Абу-Даби Гранд Слэмінің фавориттер тізіміне енді

Редактор
27.11.2025, 08:57

Ол биыл Ташкент және Астанада қола жүлдегер атанған

ҰОК

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Абылайхан Жұбаназар Абу-Даби Гранд Слэмінің фавориттері қатарына қосылды.

Бұл туралы дзюдо туралы тұрақты шолу жасайтын Judo_cam сарапшылары баға берді.

Дәстүрлі турнирде 81 келіде белдесетін отандық татами шебері биылғы жетістігі бойынша үздіктер қатарына еніп отыр. Ол биыл Ташкент және Астанада өткен Гранд Слэм турнирлерінде қола жүлдегер атанған болатын.

Бірнеше жылдан бері Қазақстан құрамасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша №1 дзюдошы саналатын Абылайхан Жұбаназарға бапкерлер де зор сенім артып отыр.

Айта кететін жайт, қазақстандық балуан былтыр Париж Олимпиадасына қатысқан. Сонымен бірге, бірнеше рет әлем және Азия біріншіліктерінде сынға түсті. Сондай-ақ, 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұдан бөлек, Гранд Слэм турнирлерінің алты дүркін жүлдегері.
 
Абу-Дабидегі турнир қараша айының 28-30 күндері аралығында өтеді. Аталған бәсекеде еліміздің әйелдер құрамасынан 3 балуан белдессе, ерлер санатында 11 спортшы татамиге шығады.

Реклама
Реклама