Бұл - ресейліктер үшін РФ туымен өнер көрсететін алғашқы бәсеке болғалы отыр
Ресей дзюдо құрамасы төрт жылға жуық уақыттан кейін алғаш рет халықаралық жарыстарда елдің ресми туымен өнер көрсететін болды.
Абу-Дабиде өтетін Гранд Слэм бәсекесі ресейліктер үшін РФ туымен өнер көрсететін алғашқы бәсеке болғалы отыр. Мұндай шешімді Халықаралық дзюдо қауымдастығы (IJF) қабылдап отыр.
Ресей Федерациясының спортшылары Токиода өткен Олимпиада ойындарында елдің Олимпиада комитетінің туымен сынға түскен еді. Ал 2022 жылы Ресей әскері Украина жеріне басып кіргеннен кейін елдің спортшылары халықаралық жарыстардан шеттетілсе, кейін жарыстарға бейтарап ту астында қатысуға мүмкіндік алды.
Ал Париж Олимпиадасы қарсаңында РФ спортшларының басым көпшілігі аталған ойындарға қатысқан жоқ.
Бұл бәсеке ел спортшылары үшін саяси маңыздға ие болып отыр. Айта кететін жайт, Ресей дзюдо құрамасы биыл өткен әлем чемпионатында үш алтын медаль иеленген болатын.